Келес ауданында «Жаңа жыл» мерекесі кең көлемде аталып өтті. Мерекелік безендірілген орталық алаңда аудан тұрғындары мен қонақтары бір арнаға тоғысып, көтеріңкі көңіл күйде жаңа жылды қарсы алды. Мерекелік кеш барысында ауданның өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары сахна төрінде ән мен биден шашу шашып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Ережеп Тұрғынбайұлы





