Жастар жалау еткен «Жайдарман» Сарыағаш ауданында биыл да бастау алды. Ағымдағы жылы Сарыағаш ауданы әкімінің кубогы үшін аудандық ЖРО ұйымдастыруымен өткен маусымашарға 20 команда өтінім берген. Бүгінде оның 10-ы байқауда өз бағын сынамақшы.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Сағындық Исламов