Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен жыл сайын 13 қараша «Халықаралық зағиптар» күні болып аталып келеді. Белгіленген атаулы күннің аясында аудан әкімдігінің қолдауымен ауданымызда мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап мерекелік іс-шара өтті. Шара барысында зағип жандарға сый-сияпаттар табыс етіліп, мәдениет қызметкерлерінің концерттік бағдарламасы ұсынылды. Толығырақ, алдағы бейнесюжетте.
Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Нұрболат Еркін




