Жамбыл облысында 200 келіден астам марихуана тәркіленді: полиция екі күдіктіні ұстады

Фото: Polisia.kz

«Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері ҚР Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің үйлестіруімен және Ұлттық ұланның №5514 әскери бөлімінің әскери қызметшілерінің қатысуымен арнайы операция өткізді.

Шу ауданының құмды аймағында жедел ақпаратты жүзеге асыру кезінде екі жергілікті тұрғын қолға түсті. Жерді тексеру барысында ерекше иісі бар өсімдік тектес зат сақталған шатыр анықталып, айғақ зат ретінде тәркіленді.

Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 206 келі 220 грамм кептірілген марихуана екені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігіне (Есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: Polisia.kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар