Жамбылда тағы бір әйел перзентханада көз жұмды: Дәрігерлер «40 мың төлемегенсің» деп қайтарып жіберген

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Салтанат Нышанбай қарашада тіркелуге екі рет барыпты. Оған “сен жеке кәсіпкерсің” деп айтыпты. “40 мың төлемегенсің” деген қолхат алыпты. Алайда босанатын, жүкті және ерекше тәуекел тобындағы адамдар МӘМС жүйесінсіз-ақ қабылдануы тиіс болған.

Емханаға тіркеле алмаған Салтанат аяғы ісіп, өзін жайсыз сезінген.

Ақ халаттылар келіншекті кесарь тілігімен босандырып алған. Бір аптадан кейін әйел еc-түссіз қалып, комаға түскен. Бір айдан кейін Салтанат көз жұмған.

Марқұмның артында 5 жасар қызы мен 1 айлық сәбиі қалды.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp