Сарыағаш ауданына қарасты Көктерек кентінде жалғызбасты анаға баспана сыйға берілді. Жылдар бойы апатты жағдайдағы қуыстай ғана үйде тұрып келген отбасы енді жап-жаңа қонысқа көшті. Үш баланы өсіріп отырған ананың қуанышымен бөлісуге аудан әкімі Мұхит Отаршиев арнайы барып, құттықтады.
Авторлар: Хусниддин Хасанұлы, Аман Асылбек