Қазақстанның бас қаласы – Астананың 25 жылдығына орай, Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде «Жайнай бер, Астана» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Ширек ғасырлық шежіресі бар елорданың туған күнінде аудан өнерпаздары концерттік бағдарламаларын ұсынып, сайын Сарыарқа төріндегі жас қалаға әсем әндері мен жыр жолдарын арнады.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Аман Асылбек