Оқу жылы аяқталып, балалар жазғы демалысқа шықты. 3 айлық демалысты пайдалы әрі қызықты етудің ең керемет әдісі – оларды лагерьге жіберу. Дәл сондай мақсатты көздейтін «Балдәурен» жазғы сауықтыру лагерінің ашылу салтанаты күні кеше аудан әкімі Арман Абдуллаевтың қатысуымен болып өтті. Енді жасөспірімдер бақытты балалық шақтың мекені – Балдәуренде уақытын ұтымды өткізе алады.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Жасұлан Әлібеков, Ережеп Тұрғынбайұлы