1 наурыз – Алғыс айту күнінде Әлімтау ауылдық округіндегі «Жабай Тоқсаба әулие» кесенесі аумағында тағылымы мол, мазмұны терең ауқымды іс-шара болып өтті. Қасиетті орынға ел ағалары, зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары мен алыстан арнайы келген қонақтар жиналды. Жиналған көпшілік ортақ іске жұмылып, ағаш көшеттерін отырғызып, қасиетті мекеннің аумағын көркейтуге белсене атсалысты.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Айдос Дәулет




