Мал шаруашылығы – агросектордың маңызды бір саласы. Келес ауданында бұл сала жақсы дамып келеді. «Мал басын көбейтемін» деген шаруа қожалықтарына, фермерлерге мемлекет тарапынан тиісті қолдаулар көрсетілуде. Тек еңбек ете білу керек. Алайда мал өсіру – оңай емес. Қиындықтары жетерлік. Сол қиындықтардың бірі – мал азығын дайындау, қысқы жем-шөп қорын мезгілінде қамтамасыз ету. Бүгінгі тақырыпқа негіз болған жәйт, ол – биылғы бірқатар өңірдегі қуаңшылықтың салдары. Тақырыпты әріптесім тарқатады.
Авторлар: Хусниддин Хасанұлы, Ерлан Сәрсенбеков