Есірткі зертханасы жойылды

Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ағымдағы жылдың мамырында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен Тараз қаласында синтетикалық есірткінің ірі жасырын өндірісін жою операциясын жүргізді.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Тінту барысында 66 килограммнан астам мефедрон психотропты заты мен 2 тонна прекурсор, сондай-ақ есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдықтар табылды және тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 297-1 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Дереккөз: ҰҚК баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар