Есірткіге есі кеткен адамның зияны тек өзіне тимейді. Нашақорлардың отбасы мүшелері де зиянкеске әуес кісімен бірге өмір бойы қорлықта өтеді. Егер жанұясы жанында болса, әрине. Ал ең сорақысы, наркологиялық тәуелділікке душар болғандардың кесірі күллі жұртшылыққа тиіп жатады. Ессіздіктен не істеп, не қойғанын білмей қалатын олар түбінде қандықол қылмыскерге де айналуы мүмкін. Сондықтан психотроптық және есірткілік заттарға құмар адамдармен қоғам болып күресуіміз керек дейді аудан наркологы Азамат Бейсенов.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Марат Жолдас