Сарыағаш ауданындағы Қажымұқан атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде ерекше кездесу өтті. Вьетнам елінде өткен Азия чемпионатында еркін күрестен күміс жүлдегер атанған Ерхан Әбіл жас спортшылармен жүздесті. Ол – аталған спорт мектебінде жаттықтырушы болып қызмет атқаратын Нұрлыбек Жолдасбаевтың шәкірті. Жас балуанның халықаралық деңгейдегі жетістігі аудан спорты үшін үлкен мақтаныш.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Ережеп Тұрғынбайұлы





