Келес ауданында Жеңістің 80 жылдығына орай, «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран» атты көшпелі құжаттық мұражай ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – жастарға патриоттық тәрбие беру, соғыс жылдарындағы ерлік пен батырлықты насихаттау болды. Мұражайда Ұлы Отан соғысына қатысқан өңір ардагерлері мен батырлары жайлы тың мәліметтер мен тарихи құжаттар көрермен назарына ұсынылды.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Әукен Қадір