Сарыағаш ауданындағы көп балалы ананың бірі Рабиға Ермұратова 1 маусым- халықаралық балаларды қорғау күніне орай өңірдегі ерекше балаларға арнап қайырымдылық дастарханын жайды. Мерекелік дастарқанның басты қонағы – мүмкіндігі шектеулі ерекше балалар. Шарада Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев балаларды ең жарқын мерекемен құттықтап, игілікті істе ұйытқы болған жеке кәсіпкерге алғысын білдірді.
Авторлар: Майра Нұрмахан, Ережеп Тұрғынбайұлы