Сарыағаш ауданында «Балаларды қорғау күніне» орай, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Ізгі шараға «Әділ билер» қоғамдық бірлестігі ұйытқы болып, бүлдіршіндерге арнайы дастархан жайылды. Мерекелік жиынның басты мақсаты – балаларға қуаныш сыйлап, олардың қоғамдағы орны ерекше екенін сезіндіру.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ережеп Тұрғынбайұлы




