Қазақстанда жыл сайын Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 қарашадағы бұйрығымен бекітілген жеке тұлғаларды медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына бекіту қағидаларына сәйкес, тұратын аумағы шегінде емхананы еркін таңдау науқаны өтеді. Бұл дегеніміз сіз өзіңізге жақын жердегі немесе сенім білдіретін ақ халаттылардың ордасын еркін таңдай аласыз. Мейлі ол жекеменшік немесе мемлекеттік болсын. Ал енді аталған науқан жайлы мамандар не дейді? Нақтырақ алдағы бейнесюжетте.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Ерлан Сәрсенбеков