Елімізде шетелден алма әкелуге тыйым салынды

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Ашық НҚА порталында «Қазақстан Республикасының аумағына алма әкелуге тыйым салуды енгізу туралы бұйрық мәтіні жарияланды.

Бұйрық жобасында алманың транзиттік тасымалдарын, сондай-ақ оның ҚР аумағы арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына орын ауыстыруын қоспағанда, үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден автомобиль, су және теміржол көлігімен ҚР аумағына алманы (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды: 0808 10) әкелуге 2026 жылғы 1 тамыздан 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде тыйым салу көзделген, — делінген бұйрықта.

Бұл жобаның мақсаты — отандық өндірушілерді қолдау және өнімнің тұрақты өткізілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ, оның теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарлары болмайды.

Дереккөз: @qazaqparat_kz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар