
Еліміздің өңірлерінде жемшөп дайындау науқаны жалғасып жатыр. Облыс әкімдіктерінің жедел деректеріне сәйкес, бүгінгі таңда алдағы қысқы кезеңге қажетті жемшөптің 33,1 млн тоннасы дайындалды, – деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.
Жемшөп дайындау көлемі бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Мұнда 5,02 млн тонна жемшөп әзірленді. Одан кейін Жамбыл облысы – 3,25 млн тонна, Алматы облысы – 3,11 млн тонна, Батыс Қазақстан облысы – 2,58 млн тонна және Солтүстік Қазақстан облысы – 2,43 млн тонна көрсеткішке қол жеткізді, — делінген хабарламада.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


