
Мұны «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Асхат Хасенов мәлімдеді. Оның айтуынша, елде жиналған бензин мен дизель отынының қоры 30 күннен аса уақытқа жетеді.
Оған қоса, бұл қор мұнай өңдеу зауыттары арқылы тұрақты түрде толықтырылып отырады.
Асхат Хасеновтың сөзінше, қазір мұнай өңдеу зауыттарында жұмыс үздіксіз жүріп жатыр. Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары басталғанға дейін қажет отын қоры алдын ала жасақталған.
Дереккөз: t.me/stankznews


