Д. Трамптың «соғыс өкілеттігі» шектелуі мүмкін

Фото: Ашық ақапарат көздерінен

АҚШ Сенаты Дональд Трамптың Иранға қатысты соғыс өкілеттігін шектеу туралы резолюцияны қолдады. Reuters агенттігінің мәліметінше, бұған дейін заң жобасын қабылдату әрекеті жеті рет тоқтатылған.

Құжатқа сәйкес, Иранға қарсы кез келген әскери әрекет Конгрестің мақұлдауымен ғана жүзеге асуы тиіс.

Енді бастама Сенаттағы соңғы дауыс беруден өтіп, кейін Өкілдер палатасының қарауына жіберіледі. Ақ үй әзірге бұл мәселеге қатысты ресми пікір білдірмеген.

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/769746-d-tramptyn-sogys-okilettigi-sektelui-mumkin

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар