Деструктивті діни ағым бұл – өз iзбасарларының сана-сезiмi мен еркiне толық бақылау орнатуға тырысатын жалған дiни ұйым. Мұндай топтарға қосылушылардың тiзiмi де жасалған. Статистикаға сүйенсек, мұндай ұйымдарға әуелi жастар, ауыр экономикалык және психологиялық стрессте өмір сүретіндер, темір торға тоғытылатын тұтқындар жиi қосылады екен. Өздерiнiз естiгендей, жат ағымның жетегiнде кететiндер санатында бiрiншi болып жастар тұр. Сондықтан да, ауданымызда түсiндiру мен үгіт-насихат жұмыстары толассыз жүрiп отырады. Толығырақ тiлшi бейнематериалында.
Авторлар: Хусниддин Хасанұлы, Асан Қазақбаев