Діни радикалдар ұсталды

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

2025 жылғы 17 ақпанда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен, полицияның көмегімен Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында діни радикалдар әрекетінің жолын кесті.

Терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желілер арқылы насихаттады деген күдікпен 4 қазақстандық ұсталды.

Олардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Дереккөз: ҰҚК баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар