
Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстанның инвестициялар және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Сұлтан Рахимзодамен кездесу өткізді.
Сұхбат барысында Қазақстан мен Тәжікстанның сауда-экономикалық өзара іс-қимылын дамыту, түрлі салалардағы бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілету және елдерімізде өткізілетін инвестициялар саласындағы іс-шараларға қатысудың өзекті мәселелері талқыланды. С. Рахимзода казақ тарапын 2025 жылғы қазанда өтетін «Душанбе халықаралық инвестициялық форум – 2025» белсенді қатысуды шақырды.
Астанада өткен Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Тәжікстан үкіметаралық комиссиясының 19-шы отырысының қорытындылары оң бағаланды. Сондай-ақ тараптар екі ел арасындағы сауда ынтымақтастығының кең перспективалары бар екенін атап өтті.
Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі