ДСМ: 70,5 МЛРД ТЕҢГЕ ҮНЕМДЕЛГЕН ҚАРАЖАТ ХАЛЫҚТЫ ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ БАҒЫТТАЛДЫ

Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігісатып алу жүйесін реформалаудың нәтижесіндеүнемделген 70,5 млрд теңгені азаматтарды қосымшадәрілік қамтамасыз етуге бағыттады. Босатылған қаражат онкологиялық, жүрек-қантамыр және аутоиммундықауруларды емдеуге арналған 7 инновациялық препараттытегін дәрілер тізібесіне енгізуге мүмкіндік берді.  

2025 жылдың қорытындысы бойынша ауқымдыүнемдеуге өндіруші зауыттармен тікелейкелісімшарттарға көшу және БҰҰ-ның халықаралықұйымдары арқылы сатып алуды кеңейтудің есебінен қолжеткізілді.

Сонымен қатар Министрлік тегін дәрілікзаттардың тізбесін оңтайландырып, өмір сүру ұзақтығынаәсер етпейтін 90 тиімсіз позиция мен нозологияны алыптастады. Босатылған лимиттер диспансерлік есептетұрған пациенттердің дербестендірілген қажеттіліктеріне бағытталды.  

Оң динамика 2026 жылы да сақталуда: сауда рәсімдерінцифрландырудың есебінен 47 млрд теңге үнемделді. Дәрілік қауіпсіздікті нығайту мақсатында 2026–2027 жылдары «СҚ-Фармация» бірыңғай дистрибьюторыныңжеке қоймалар желісін салу жоспарлануда. Жеке операторлардың қызметінен бас тарту бюджетте жыл сайын шамамен 1,7 млрд теңгені қосымша үнемдеуге мүмкіндік береді.  

Ведомство сапалы импорттық препараттардың нарығынақолжетімділікті де жеңілдетуде. 2026 жылы жеделдетілгентіркеу рәсімі қолданылатын елдер тізіміне (АҚШ, ЕО, Жапония, Ұлыбритания) Түркия мен Оңтүстік Корея қосылады. Бұл ретте сапа бақылауы күшейтілген режимдесақталады: өткен жылы сараптама барысында 112 препараттың стандарттарға сәйкес келмейтіні анықталып, жанама әсерлеріне байланысты 30 тіркеу куәлігінің қолданысы тоқтатылды.  

Реформаның маңызды кезеңдерінің бірі — дәрілікзаттарды цифрлық таңбалауды енгізу болды. Бұл дәрі-дәрмек айналымын «көлеңкелі» сектордан шығаруға мүмкіндік берді.

Нәтижесінде бөлшек саудадан түсетінсалық түсімдері 24%-ға (қосымша 24 млрд теңге) арттыжәне дәріханаларда тегін берілетін 15 мың қаптаманыңқайта сатылуының жолы кесілді.

Биыл биологиялықбелсенді қоспаларды (ББҚ) міндетті таңбалауды енгізу, ал 2027 жылдан бастап медициналық бұйымдарды таңбалау жоспарлануда.  

Дәрі-дәрмек беру процесі «Әлеуметтік әмиян» сервисініңарқасында барынша ашық бола түсті.

Электрондықрецепттер тағайындаулардың шамамен 90%-ын қамтып, пациенттерге қызмет көрсету уақытын екі есеге қысқартты.

Кері байланыс үшін тәулік бойы жұмысістейтін «1439» байланыс орталығы іске қосылды, ондаөтініштерді жедел өңдеу үшін жасанды интеллект элементтерін енгізу жоспарланып отыр.

Дереккөз: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp