
Ұшқышсыз ұшу аппараттары технологиясының дамуын ескере отырып, дрон операторы кәсібі еңбек нарығында сұранысқа ие болуда. Елімізде бұл сала мамандарын даярлау тек оқу орындарында ғана емес, спорттық жарыстар өткізу арқылы да жүргізіледі. Мәселен, Digital Almaty халықаралық цифрлық форумы аясында дрондармен футболдан турнир өтті. Бұл жас дарындардың әлеуетін ашып, болашақ мамандығында бағын сынап көруге мүмкіндік береді.
«Жұмысшы мамандықтары жылы аясында, бұл біз үшін тамаша хабар деп ойлаймын. Шын мәнінде, дрон операторы кәсібі барлық бағытты, соның ішінде жұмысшы мамандықтарды қамтиды. Мәселен, ТКШ мамандарын даярлайтын Урбан колледжінің командасы ойнады. Бұл қалалық инфрақұрылымға қолдау көрсетуде сұранысқа ие. Бүгінде дрон операторлары ғимараттарды күтіп ұстаудан бастап, цифрлы қалалар құруға дейінгі үлкен жұмыстарды атқаруда», – деді Дрондар футбол қауымдастығының жетекшісі Дмитрий Иванов.
Дереккөз: ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі