Сарыағаш қаласында Ұлттық Домбыра күніне орай, еркін форматта «Домбыра Party» іс-шарасы болып өтті. Аталған шараның мақсаты – ұлттық домбыра аспабы мен ұлттық әндерді кеңінен насихаттау. Шараға Домбыраның құлағында ойнап, үнін ұққан 50-ден аса азамат қатысып, тұрғындар алдында өнер көрсетті.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Марат Жолдас