Ұлттық өнерді ұлықтаған тағылымды шара Сарыағаш қаласындағы «Алып» сауда қалашығында өтті. Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада өңірдегі музыка мектептерінің шәкірттері бас қосып, қасиетті қара домбыраның күмбірін көпшілікке паш етті. Күй өнерін дәріптеген мереке қала тұрғындары мен қонақтарының ерекше ықыласына бөленді.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Ережеп Тұрғынбайұлы





