«Домбыра» ұлттық телеарнасы Сарыағаш ауданынына табан тіреп, өңірдің бай мұрасын күллі қазақ халқына дәріптемек. Қазақы қаймағы бұзылмаған оңтүстік жұртшылығына арнайы келген республикалық телеарна Сарыағаш ауданының көзіқарақты азаматтарының мазмұнды әңгімелерін таспалауда. Сарыағаштықтардың дәстүр-салты, бай мұрасы мен шежірелі тарихы,өнері мен мәдениеті ұлттық телеарнадан арнайы бағдарламада көрсетіледі деп отыр. Ал бейнесюжте келесі айда талғам таразысы биік көрерменге жол тартпақ. Бұл игі бастамаға Сарыағаш аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары да бір кісідей ат салысуда.
Авторлар: Майраи Нұрмахан, Ережеп Тұрғынбайұлы