Домбыра мен қобызды ұшақ бортында алып жүруге рұқсат берілуі мүмкін

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Көлік министрлігі әуе көлігімен жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздеп отыр. Ұсынылып отырған түзетулер арасында музыкалық аспаптарды тасымалдау тәртібіне қатысты тармақтар да бар.

Жобаға сәйкес, белгіленген талаптар сақталған жағдайда оларды қол жүгі ретінде, жеке жолаушы орнына орналастырып немесе тіркелген багаж ретінде тасымалдауға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар, қорғаныш қаптамасына салынған музыкалық аспаптарды, оның ішінде домбыра мен қобызды ұшақ салонында тасымалдауға рұқсат беру ұсынылады. Бірақ та, олардың өлшемі 110×35×30 см-ден, ал салмағы 10 келіден аспауға тиіс.

Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында орналастырылды. Жария талқылау 27 шілдеге дейін жалғасады.

Дереккөз: t.me/atamekenbusiness_qaz

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар