Дихан бабалықтар ұлық мейрамды тойлады

Аллаға деген сүйіспеншілік пен адамның шынайы ниетін паш ететін Құрбан айт мейрамын Дихан баба елді мекенінің тұрғындары да жоғары деңгейде тойлады. Таң атысымен-ақ Алла үйіне келіп бір сапта құлшылық жасаған қауым ел амандығы мен жұрт тыныштығын тіледі. Ал туған жердің түтінін түтетіп, бірліктің озық үлгісін көрсетіп жүрген  1991 жылы туған ер азаматтар болса, құрбандық шалып, мешітке келушілерге мерекелік дастархан жайды. Ерекше сән-салтанатымен өткен мереке жайында толығырақ, Халима Мақсатқызының сюжетінде.

Авторлар: Халима Мақсатқызы, Марат Жолдас

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар