
Бірақ бұл Қазақстанда емес Моңғолия парламентінде болған жәйт. Депутат Дашцэрэнгийн Энхтүвшин мен қала әкімінің орынбасары Т.Даваадалай арасында пікірталас туындаған. Соңында болмай кеткен соң екеуі күш сынасқан.
Куәгерлердің айтуынша, қызу талқы кезінде жанжал өршіп, депутат қарсы тарапқа қол көтерген.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қоғамда бұл жағдай қызу талқыға түсті. Халық мемлекеттік қызметкерлердің әрекетіне қатысты түрлі пікір айтып жатыр.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


