Сарыағаш аудандық мәслихатының депутаты Қайрат Жүсіпов «AMANAT» партиясының Сарыағаш қалалық бастауыш партия ұйымында қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген тұрғындар өздерін алаңдатқан маңызды мәселелерді алға тартты. Атап айтқанда, жол, ескірген электр бағаналары, тазалық сынды мәселелер. Қоғамдық қабылдау барысында әрбір азамат өз пікірін ашық айтып, еркін сұхбат өтті. Тұрғындар мен депутат арасында ашық диалог орнады.
Авторлар: Қуаныш Амангелді, Марат Жолдас




