Түркістан облыстық мәслихатының жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 1-тоқсанында Дін істері басқармасының есебін тыңдау жоспарланған. Осыған орай, облыстық мәслихаттың төрағасы Нұралы Әбішов бастаған депутаттық топ іс-сапармен Сарыағаш ауданына табан тіреді.»Сарыағаш» медресе-колледжінің тынысымен танысты. Дін саласы бойынша зерделеу жұмыстары барысында халық қалаулылары медресе маңындағы Сатыбалды Әбішұлы атындағы Ислам орталығына бас сұғып, құлшылық орнын аралады.
Авторлар: Майра Нұрмахан, Марат Жолдас