Сарыағаш ауданына қарасты Дарбаза ауылдық округінде №63 жалпы білім беретін мектепте «Мектепке жол» атауымен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Жиын барысында кәсіпкерлердің қолдауымен жаңа оқу жылына дайындық кезінде әлеуметтік қолдауды қажет ететін 15 балаға мектепке қажетті оқу құралдары табысталды. Балалар мен ата-аналар қатысқан кездесу жайлы толығырақ алдағы бейнематериалда.
Авторлар: Майра Сәдуақасқызы, Марат Жолдас





