Келес аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайларына кірістер мен мүлік туралы декларацияны заңнамада белгіленген мерзімде тапсырудың маңыздылығын түсіндіріп, үндеу жасады. Мамандар декларацияны уақытылы ұсыну – заң талаптарын сақтаудың және мемлекеттік қызметтегі ашықтық пен адалдық қағидаттарын қамтамасыз етудің маңызды тетігі екенін атап өтті.
Авторлар: Мейірхан Бақытжанұлы, Нұрболат Еркін




