Дарбаза ауылдық округінде ауданаралық, облыстық республикалық тіпті әлем көлеміндегі чемпиондар жеткілікті. Ал болашақ чемпиондардың спортпен қандай деңгейде шұғылданып жатқандығынан хабардар болу үшін аудан әкімі Мұхит Отаршиев 12 үйірмесі бар №63 жалпы орта мектебіне арнайы барып қайтқан болатын. Ел намысын қорғап, туымызды көкте желбіретеміз деген азаматтар үшін аудан әкімі спортшыларымызға қолдау білдіріп, сәттілік тілеп, жігерлендіріп қайтты.
Авторлар: Асқар Мәденов, Асан Қазақбаев