
Астаналық спортшы Давид Широкорадов Косово Республикасының Дечани қаласында өткен муай-тайдан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, әлем чемпионаты Косово Республикасының Дечани қаласында өтті. Дүбірлі додаға әлемнің 60 елінен 350-ден астам спортшы қатысты.
Байрақты бәсекеде Астана қаласының спортшысы Давид Широкорадов 57 келіге дейінгі салмақта «А» (Elite) сыныбында өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды.
Дереккөз: @qazaqparat_kz


