Саялы өңірімізде ауыл деген статусқа сай келмейтін өңір бар. Бұл аймақ өзінің инфроқұрылымымен, абаттанған аулаларымен және қайнап тұрған қызу тіршілігімен қаладан кем түспейді. Сондай-ақ, аудандағы ең еңбекқор халық та осы мекенге қоныстанған. Бұл – қайсы ауылдық округ деп таң қалып тұрсыз ба? Онда таныс болыңыз, сан түрлі бизнесті меңгерген кәсіпкерлер ордасы – Дербісек ауылдық округі.
Авторлар: Нағима Әбдірахым, Айдос Дәулет