
ҚХР-дың Гонконг Арнайы әкімшілік ауданына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Гонконг әкімшілігінің басшысы Джон Лимен кездесті.
Тараптар Қазақстан мен Гонконг арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен даму перспективаларын, сондай-ақ қаржы, технология және инновация салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелерін талқылады.
Сапардың іскерлік бағдарламасының жалғасы ретінде Қанат Бозымбаев пен Джон Ли Гонконгтың ірі инвестициялық қорларының, қаржы институттарының, технологиялық компаниялары мен іскерлік қауымдастықтарының өкілдерін біріктірген Alatau City Roadshow инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысты. Қазақстандық делегацияның Гонконгқа жұмыс сапары Alatau City-дің инвестициялық әлеуетін халықаралық аренада ілгерілетудің маңызды кезеңі болды.
Дереккөз: ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі


