“Газдың иісі шығып тұрғанын бірнеше адам ескерткен”

Фото: Ашық ақпарат көздерінен

Жаңа жыл түні Түркістан облысы Кентаудағы қымызханада жарылыс болды. Онда жұмыс істеген 18 жастағы Дана Сағынғалиқызы ауыр жарақат алып, көз жұмды. Жаңа жылда жақындары Дананы жұмыстан алып кетпек болған. Алайда жұмыс қызып жатыр деп, басшылық бойжеткенді жібермей қойған. Сол кезде анасы мен сіңлісі газ шығып тұрғанын ескерткен. Мұны бірнеше адам ескерткен екен.

Марқұм бұл жұмысқа бір ай бұрын ғана орналасқан екен. 2-курс студенті жер қойнына тапсырған жақындары кінәлілердің қатаң жазалануын талап етіп отыр.

Жарылыс кезінде денесін күйік шалған тағы төрт жігіт қазір ауруханада. Екеуі жансақтау бөлімінде ем алып жатыр.

Әкімдік мәліметінше, іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Әкімдіктегілер зақым келген үйлерді қалыпқа келтіреді екен.

Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар