Жыл басталғалы Түркістан облысында газдан адам қаза тапты. Кентауда Дана Сағынғалиқызы қымызханадағы газ баллонының жарылу салдарынан ол дүниеге аттанса, Арыста майлы өнім пісіретін дүңгіршек жарылып, денесін алпыс пайыз күйік шалған адам үйінді астында қалған. Аталған ақпараттарды өңірлік төтеншеліктер мәлімдеді. Осыған байланысты шұғыл түрде аумақтағы базар иелері және кәсіпкерлік нысан өкілдерімен жиын өткізді.





