Венесуэлада 7,5 балдық жойқын зілзала болды

VENEZUELA-QUAKE/

25 маусымда таңертең Венесуэланың солтүстік-орталық бөлігінде жойқын зілзала болды, – деп хабарлайды satmedia.kz тілшісі kursiv.media-ға сілтеме жасап.

АҚШ геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, әуелі магнитудасы 7,2 балдық, содан ізін сала 7,5 балдық екі ірі дүмпу тіркелген.

Дүмпу ошағы Венесуэла астанасы – Каракас қаласынан батысқа қарай 160 км жерде, 13 км тереңдікте орналасқан. Алғашқы дүмпу 25 маусымда Астана уақытымен таңғы сағат 04:04-те, ал екінші негізгі дүмпу одан 39 секундтан соң 04:05-те болды. Бұл уақытта Венесуэлада сәрсенбінің кеші еді.

CNBC америкалық телеарнасының USGS мәліметіне сүйене отырып хабарлауынша, ауқымды апаттан 10 мыңнан 100 мыңға дейінгі аралықта адам шығыны болуы мүмкін деген болжам жасалған.

«Каракаста ғимараттар мен үйлер қирады», – деп мәлімдеді елдің ішкі істер министрі Диасдадо Кабельо мемлекеттік телеарна эфирінде. Оның мәлімдемесін Reuters таратты.

Министр жер сілкінісінен қаза тапқандар немесе зардап шеккендер саны туралы ештеңе айтпады. Бірақ ол қосымша мәлімет жинау үшін шара қолданып жатқанын ескертті.

Дереккөз: kursiv.media

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар