
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткізілген сыртқы сауда және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында еліміздің азық-түлік және экономикалық қауіпсіздігіне әсер ететін бірқатар түйінді мәселе қаралды.
Картопты экспорттауға тыйым салынбайды
Ішкі нарықтағы бағаның айтарлықтай тұрақтануын және жеткілікті қор бар екенін ескере отырып, картоп экспортына уақытша шектеу енгізудің жөнсіздігі туралы шешім қабылданды.
Сиыр етін экспорттаушыларға квота беру талабы жеңілдетіледі
Квота бөлудің қолданыстағы тетігі кемінде 5 мың басқа арналған жеке бордақылау алаңы мен өзінің ет комбинатының болуы секілді бірқатар талапты көздейді. Шешім қабылдау кезінде ВАК-қа қатысушылар Үкімет бекіткен Мал шаруашылығын дамытудың кешенді жоспарын да назарға алды. Құжат ірі қара мал санын 7,9 млн-нан 12 млн басқа арттыруды, сондай-ақ экспорттық әлеуетті нығайтуды және қазақстандық сиыр етін өткізудің жаңа нарығын ашуды көздейді. Ауыл шаруашылығы министрлігі квота бөлудің қолданыстағы ережесіне тиісті өзгеріс енгізеді.
Дереккөз: Ашық ақпарат көздерінен


