БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің пікірталастарында Қазақстан жаһандық реформа мен өңірлік бірлікті жақтады

ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров Қытай Сыртқы істер министрі Ван И төрағалығымен өткен «Көпжақтылық қағидатын қолдану, жаһандық басқаруды реформалау және жетілдіру» тақырыбындағы Қауіпсіздік Кеңесінің жоғары деңгейдегі ашық пікірталастарына қатысты.

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қ.Омаров Қазақстанның көпжақтылыққа бейілділігін растады, «Орта державалар» мен дамушы елдерді неғұрлым белсенді тартуды қоса алғанда, әділ өңірлік өкілдікті қамтамасыз ету үшін Қауіпсіздік Кеңесін реформалауға шақырды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ жаһандық ынтымақтастықтың негізі болып табылатыны туралы көзқарасын қайталады. Қазақстанның ядролық қаруды таратпауға, Сирия бойынша Астана бейбітшілік процессіне қосқан үлесін атап өтіп, ШЫҰ, АӨСШК, С5+1 және басқа да өңірлік және жаһандық форматтардағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан өкілі Бас хатшы Антонио Гутерриш жүргізіп жатқан БҰҰ реформасына қолдау білдіріп, елдің Шығыс пен Батыс арасындағы көпір ретіндегі рөліне назар аударды. ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың өңірлік ынтымақтастықты нығайту туралы шақыруымен үндес бейбіт және әділ бейбітшілік құру үшін ұжымдық іс-қимылдың маңыздылығы аталып өтті.

Дереккөз: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Достармен бөлісу
Share on facebook
Share on twitter
Share on vk
Share on odnoklassniki
Share on telegram
Share on whatsapp

Танымал жаңалықтар