Еліміздің ілгері дамуының бірден-бір факторы саяси тұрақтылық, адамдар арасындағы өзара сенім мен татулыққа негізделген жасампаз еңбек екені белгілі. Көпұлтты, алуан сенімдегі адамдар, түрлі әлеуметтік топтар қоғамдық келісімнің арқасында бейбіт өмір сүруде. Оны қамтамасыз ету үшін елімізде тиісті заңдардан бөлек көптеген мемлекеттік және қоғамдық институттар жұмыс жасайды. Солардың бірі азаматтардың арасындағы дау-шарды сотқа жеткізбей шешу. Аталған үрдіс Келес ауданында да қарқынды түрде дамып келеді.
Авторлар: Халима Мақсатқызы, Марат Жолдас