Келес ауданында жаңа оқу жылына арналған білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі Тамыз кеңесі өтті. «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында өткен жиынға ауданның 400-ден аса педагогы, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, мектеп директорлары, сондай ақ балабақша меңгерушілері қатысты. Жиын барысында өткен оқу жылының қорытындысы сараланып, жаңа міндеттер айқындалды.
Авторлар: Әсел Әбдібек, Марат Жолдас