Бүгін еліміздің барлық мектептерінде алғашқы қоңырау соғылып, жаңа оқу жылы ресми түрде басталды. Қуаныш пен толқынысқа толы бұл күн – білімнің, еңбектің және жаңа белестердің бастауы. Келес ауданында да «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты іс-шара барлық білім ордаларында ұйымдастырылды. Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев орталықтағы №1 Омар Есімов атындағы жалпы орта мектебіне арнайы барып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.
Авторлар: Әсел Әбдібек, Ережеп Тұрғынбайұлы