Кеңес үкіметі кезінен келе жатқан «екі қолға бір күрек табылады» деген нақыл сөзді кейбір адамдар жанына жалау етіп, жұмыссыз жүру – үлкен проблема емес деп жүр. Ал енді біреулер жан ұшырып, жұмыс іздеп, тұрақты жалақысы бар жұмысқа орналасқысы келеді. Міне, осындай азаматтар үшін бүгін Келес ауданында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі болып өтті. Нақтырақ тілшіміз айтып береді.
Авторлар: Хусниддин Хасанұлы, Асан Қазақбаев