
23 тамыз күні Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді. Бұл саяси науқан қоғам мен мемлекет арасындағы өзара байланысты нығайтуға, азаматтардың пікірін ескеруге және халықтың үнін жеткізетін өкілдерді таңдауға бағытталған.
Сайлау – демократиялық құндылықтардың маңызды көрінісі. Әрбір азаматтың дауысы қоғамның дамуына, елдің тұрақтылығы мен өркендеуіне ықпал етеді.
Болашаққа бейжай қарамайтын әр азамат сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауы тиіс. Себебі елдің ертеңі – бүгінгі жауапты шешімдерден басталады.
23 тамыз күні сайлау учаскесіне барып, өз таңдауыңызды жасаңыз!
Әр дауыс маңызды! Әр таңдау – болашаққа жасалған қадам!





